• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Қазақстанның болашағы – жастар!

26 қаңтар күні Ақсу қаласындағы  С.Дөнентаев атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан КВН одағы» ұйымдастыруымен  «Жайдарман» маусымашар – 2019 ойыны өтті. Бұл ойында Ю.Гагарин атындағы  орта мектебінің «Болашақ» командасы өнер көрсетті. «Болашақ» командасының құрамы мектебіміздің жас мамандарынан құрылды. Сайыс барысында халықты қызықты әзілдерімен ән – билерімен тәнті қылды. Жайдарман ойынына - 12 команда қатысты. Көрермендердің көңілінен шығатындай барлығы да қызықты, мазмұнды өнер көрсетті.

Елбасымыздың биылғы жолдауына сәйкес маусымашар «Жайдарман» ойыны «Жастар жылы» тақырыбына сай болды.  «Болашақ» командасы «Өнегелі өнер» номинациясына ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

29-01-2019