Мейірімділік әлемді құтқарады

«Қазақстан мейірімділіктің аумағы» республикалық акциясы аясында Ақсу қаласының №8 орта білім беру мектебінің 8-9 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге ата-аналарының қолдауымен «Мейірімділік әлемді құтқарады» қайырымдылық марафонына белсенді қатысты. Олар 97 мың теңге жинап, одан 30 мыңын қаржылай көмек көрсету мақсатында (туа бітті жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен жүрегін ауыстыруды күтіп жүрген) 10-сынып оқушысы Егор Автоленкоға және 9 б сынып оқушысы Ислам Закирзяновқа (науқастық бойынша бір жылдан астам уақыт бойы үйде) 67 мың теңге берілді. Қайырымдылық марафонында бізге қолдау көрсеткендердің барлығына шексіз алғысымызды білдреміз, өйткені біз тек бірге әлемді ЖАҚСАРТАМЫЗ

26-02-2020