• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Сабит Дөнентаев оқулары

Жастар бастамасын дамыту орталығының ұйымдастыруымен қалалық орталықтандырылған кітапханада Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында және ақынның 125-жылдығына орай  «Тіл – жан қайнар көзі» атты қалалық Сәбит Дөнентаев оқулары өтті. 

Үштерек орта мектебінің 10 сынып оқушылары Серікбол Айгерім «Авторлық өлең» (1 өлең ақынға арнау және 1 еркін тақырыптағы өлең ұсыну) номинациясы бойынша 2 орынға, Махсатхан Меруерт «Мәнерлеп оқу» (ақынның 3 өлеңін мәнерлеп жатқа айту) номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.

Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жетекшісі Шайхимулдина Зульфия Смаилхановна,

 мектеп кітапханашысы.

22-02-2019