«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағаты

2019 жылы 25 қазанда Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың жалпы орта білім беру ұйымдарында "Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы" сынып сағаттары өткізілді.

 Қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектепте сынып сағаттары интерактивті түрде , орыс тілінде оқыту жүргізілетін сыныптарда ойын түрінде өткізілді.  Орта буында сынып жетекшілері ауызша журнал, жоғары буында - дискуссиялар мен әңгімелесулер өткізілді.    Оқушыларға отбасы жағдайын шешу ұсынылды, оқушылар отбасы туралы әңгімеледі, қаралған бейнефильм талданды, отбасылық құндылықтар туралы фразалардан отбасылық үй салды, "бақытты адам өз үйінде бақытты"отбасылық фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды.

Нәтижесінде балалар бейбітшілік, туған үй, үлкендерді сыйлау, отан алдындағы борышы туралы мәлімет алды.

28-10-2019