• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жыл сайын көктемгі демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлық мектептерде «Шеберлер қаласы» фестивалі өткізіледі

2019 жылғы 27 наурызда Достық ауылы орта мектебінің базасында Қалқаман ауылы ОМ, Ақжол ауылы ОМ, Б. Момышұлы атындағы ОМ, Достық ауылы ОМ арасында бірінші кезең өткізілді. Іс-шара келесі бағыттар бойынша өткізілді: вокал, хореография, мектеп аспаптар оркестрі, декоративті-қолданбалы шығармашылық көрмесі, «Театр» мектеп үйірмесінің таныстырылымы, «Асық ату» жарысы.

         Қорытынды шығару кезінде әртістік, орындау техникасы, бірегейлігі, эстетикалық түрі, актерлік орындау және басқа критерийлер бағаланды. Балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

         Жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

хореографиялық жанр – 1-орынды заманауи биі үшін Қалқаман орта мектебінің «Импульс» би тобы, 2-орынды Достық орта мектебінің «Грация» ансамблі иеленді.

Вокалдық жанрда: 1 және 3-орынды Достық орта мектебінің оқушылары, 2-орынды Қалқаман орта мектебінің «Әдемі – ай» тобы иеленді.

Аспаптық жанрда – Қалқаман ауылы орта мектебінің домбыра оркестрі «Орындаушылық шеберлік» номинациясына ие болды.

Қазылар алқасына сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда мектеп педагогтары қатысты. Үздік жұмыстар келесі номинацияларда белгіленді:

-          «Шығармашылықтағы көп қырлылық» «Радуга творчества» үйірмесінің жетекшісі А. Сенкебаева Достық ауылы ОМ;

-          «Дәстүрлі шеберлік» «Жас конструкторлар» үйірмесінің жетекшісі Нурсұлтан Керімбай Достық ОМ;

-          «Шығармашылықтағы креативтілік» Қалқаман ауылы ОМ «Домовенок» үйірмесінің жетекшісі және «Юный техник» үйірмесінің жетекшілері;

-          «Креативтілік және шабыт» Спутник ауылы «Қылқалам шебері» үйірмесінің жетекшісі К. Шайманова;

-         «Дәстүрлердің жаңғыруы» Б. Момышұлы атындағы орта мектеп педагогтарының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты ұжымдық жұмысы.

-         «Асық ату» сайысында орындар келесідей бөлінді: 1-орын Қалқаман орта мектебінің қыздар және ұлдар командасы; 2-орын Спутник орта мектебінің оқушылары командасы және 3-орын Достық орта мектебінің командасы.

Барлық қатысушыларға грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ең үздіктер биылғы жылдың сәуір айында өтетін фестивальдің қорытынды кезеңіне қатысады.

28-03-2019