• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Бір шаңырақ астында» атты ұлттық ойындардың жалпы қалалық фестивалі өтті

Рухани жаңғыру аясында 2019 жылы 25 маусымда «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық ойындардың жалпы қалалық фестивалі өтті. Бүгінгі фестиваль салауатты өмір салтын насихаттау және біздің қонақжай Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Фестивальге Ақсу қаласы мектеп жанындағы лагерьлердің балалары қатысты. Аталған бағдарламаға барлығы №1, 2, 4, 7, 8 мектептерден  150 бала және педагогтары қатысты. Халық ойындарының фестивалі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.  Әзірленген бағдарлама мен қызықты форманың арқасында жарқын мазмұнды күн біздің тату мемлекетімізді мекендейтін әрбір халықтың ортасына енуге мүмкіндік берді.

Халық ойындары-тарихи қалыптасқан қоғамдық құбылыс, халық пен аймақтарға тән өзіндік қызмет түрі. Ойындар ежелден өзін-өзі тану құралы болды. Ойын фестивалінде қатысушылар өздерінің мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек көрсету, өзгелер үшін өзін құрбан ету сияқты ең жақсы қасиеттерін көрсетті. Балалар әлемнің бес халқы: қазақ, орыс, татар, қырғыз және неміс ойындарына үлкен ынтамен қатысты. Ұмытылған ойындар заманауи компьютерлік стратегиялар мен «экшн» - нен кем емес қызықты болуы мүмкін. Балалар спорттық құмарлықпен жаттығып, монитор экранында емес, нақты өмірде ептілік пен тапқырлық танытты. Ойындар барлық балаларға өте ұнады, әр бала жағымды эмоциялар алды!

02-07-2019