• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Ертіс бойының ерлері» Диско-дәріс

Аталмыш жылдың  24 сәуір күні  №2 жалпы орта білім беру мектеп кітапханашылары  Тусупова Гүлнар Миятқызы мен  Аужанова Бақыт Жанабекқызының ұйымдастыруымен  Ұлы Жеңістің 74 жылдығы, Қанаш ағамыздың  туғанына 100 жыл қарсаңында толып отырғанда,  жерлесіміз  Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің жасындай болып өткен қысқа ғұмырын, ерлік дастанын еске алу, аруағына тағзым етумен қатар Ұлы  Отан  соғысы, оның  зардаптары,  Ұлы  жеңістің мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру  мақсатында  9 сыныптарға арналған «Ертіс бойының ерлері» атты диско-дәріс өткізілді.

Диско-дәріс барысында  өшпес ерлік пен батылдық, Отанға деген сүйіспеншілік пен рухтын үлгісін танытқан халқымыздың қаһарманы Қанаш Камзиннің өмірі баяндалып,  сонымен қатар интербелсенді тақта арқылы   “Ерліктің шыңға қағып ор қанатын Ақтаған ел жұртының аманатын.

«Жазылар сары алтынмен Қанаш атың»  презентациясы  көрсетіліп,  «ҰОС хроникасы» , «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында», «Күткен күн» бейнебаян «Әлия» әні мен «Жойылсын соғыс»  атты  бейнероликтер оқушылардың назарына ұсынылды.

 Диско-дәріс соңында  «Өткенді ұмытуға болмайды» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне қойылған жерлестеріміздің фотолары мен өмірбаяндарын құрайтын  (Қанаш Камзин (1919 – 1944)  Совет Одағының Батыры, Суптель  Иван Игнатьевич (1919-1975  Совет Одағының Батыры, Бабин  Иван Васильевич (1899 - 1944) Совет Одағының Батыры,  Елгин  Андрей Николаевич (1898 - 1944)  Совет Одағының Батыры, Серікбай Мүткенов (1913 - 1944) Совет Одағының Батыры, Смайылхан  Абдрахманов (1922 – 2012) Ұлы Отан соғысының ардагері, Махмет Қайырбаев  (1925 - 1996)  Совет Одағының Батыры, Құдайберген   Сұрағанов (1921 - 2008 ) Совет Одағының Батыры, Ілияс Оспанұлы   (1923 - 2003)   Ұлы Отан соғысының ардагері ) буклеттер мен «Боздақтар», «Жеңімпаздар», «Қазақ жауангерлері ҰОС майданында», «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», «Әскери күнделік», екі томдық  «Отты жылдар естелігі» , «Қаһарман Бауыржан Момышұлы»  атты кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

Бүгінгі бейбіт күндеріміз  аталарымыз бен ағаларымыздың сондағы төгілген қан мен терінің  өтеуі. Олардың есімін жас ұрпақ есінде мәнгі қалдыру баршамыздың азаматтық  борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жерінде топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз! Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған.

26-04-2019