• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2018 жылғы 9 қарашада білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ «Bala business» облыстық жобасының ережесі негізінде Ақсу қаласының эко-техноорталығында «Bala business» қалалық конкурсы өтті

2018 жылғы 9 қарашада білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ «Bala business» облыстық жобасының ережесі негізінде Ақсу қаласының эко-техноорталығында «Bala business» қалалық конкурсы өтті.

Басты мақсаты оқушылардың өмір сапасын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын іздеу және одан әрі дамыту болып табылады.

Байқауға Ақсу қаласы және ауылдық өңір мектептерінің 5-11-сынып оқушылары және БЭТО қатысты.

Жобаларды бағалау үшін Ақсу қаласы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Глюзя Альфисовна Алпысбаева, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Замира Турабовна Мирзаева, білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі сектор меңгерушісі Кульзия Зейнолақызы Нарханова шақырылды.

Қорғауға әр үрлі бағыттағы 21 жоба ұсынылды: ауыл шаруашылығы, мейрамхана бизнесі, демалыс және бос уақыт, ағаштан жасалған бұйымдар, қазақтың ұлттық киімдері, әшекейлер өндірісі, туризмді дамыту.

Бизнес – жобаны қорғай отырып, оқушылар кәсіпкерлік бастамашылықтарын көрсетті. Бұл ретте, олар ұсынған стартап-жобалардың жүзеге асырылуы әбден мүмкін екендігін көрсетті. Конскурсқа қатысушылар өз бизнес-идеяларының өміршеңдігін дәлелдеді, бір-біріне сауалдар қойды. Балаларға кәсіпкерліктің шынымен қызықты екендігі сезіліп тұрды.

Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынды БЭТО оқушылары Елубай Акерке, Кабдылмажут Аяулым және Ю.Гагарин атындағы орта мектеп оқушысы Бакибаев Мадияр, 2-орынды Достық ОМ оқушылары Штольц Никита и Рашат Жадыра, №2 ОМ оқушылары Буркитбаева Гульзада, Жалелова Айдана, Тусупова Аяулым, Нуртаева Дильнур, лицей-мектебінің оқушылары Баженова Арина, Закурдае Никита, Родина Полина, 3-орынды                 К. Шүлембаев атындағы ОМ оқушысы Ткачева Арина иеленді.   

         Қалалық конкурстың жүлдегерлері қараша айында Ақсу қаласының намысын облыстық конкурста қорғайтын болады.

12-11-2018