• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласында «Бала достары» қалалық конкурсы өтті

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Балалар шығармашылық үйінде №1, №2, Айнакөл, Қалқаман ауылдары, М. Қабылбеков атындағы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептерінде педагогтарының командалары қатысқан «Бала достары» қалалық конкурсы өтті. Мұнда ең әсерлі, креативті және мәңгілік жас мамандықтың ең үздік өкілдері – педагогтар мен тәлімгерлер жиналды.   

         Жыл сайын конкурс педагогикалық жасақтардың қозғалысын дамыту және танымал ету, жазғы демалысты ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту жобаларын жүзеге асыруда өз іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында өткізіледі. Әр команда портфолио, жасақ қызметінің фото-бейне сюжеттерін ұсынды, кәсіби құзыреттілік деңгейін және өз шеберлігін көрсетті.

         Конкурс қорытындысы бойынша 1–орынды Б. Момышұлы атындағы орта мектептің үздік педагогикалық жасағы, 2-орынды №1 орта мектептің педагогтар командасы, 3-орынды Қалқаман орта мектебінің педагогикалық жасақтары иеленді.

Ал номинациялар бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

         - «Шеберлік» номинациясы - Айнакөл орта мектебінің педагогикалық жасағы;

         - «Креативтілік» номинациясы - М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің педагогикалық жасағы;

         - «Шығармашылық» номинациясы - №2 орта мектептің педагогикалық жасағы.

         Қатысушылардың барлығына білім бөлімінің грамоталары табысталды.

01-07-2019