«Bala business» қалалық бизнес - жобалар конкурсы»

2019 жылы 19 қарашада Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ мектептерінің оқушылары арасында қалалық бизнес-жобалар байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, сондай-ақ облыстық «Bala business» жобасын жүзеге асыру аясында екінші жыл өткізіліп келеді. Өткен жылы екі жоба облыстық кезеңге өтіп, жүлделі орындарға ие болды, ол Достық ОМ және БЭТО. Олар үшін аймақтың бизнес-жаттықтырушыларымен оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды.

Биыл балаларға түрлі тақырыптағы 14 жоба ұсынылды: қазақтың ұлттық әшекейлерін, ою-өрнектері бар көрпелер мен жастықтарды, жүннен жасалған әртүрлі заттарды дайындау, үй жағдайында слайм және сүт өнімдері және басқалары.

         Бизнес-жобаларды қорғай отырып, оқушылар кәсіпкерлік бастаманы көрсетті. Олар ұсынған стартап-жобалар жүзеге асырыла алады. Конкурсқа қатысушылар өздерінің бизнес-идеяларының өміршеңдігін дәлелдеп, бір-біріне сұрақтар қойды.

Жүлделі бірінші орынды:

Кабиден Ажар, Хавалмуратқызы Арайлым - Еңбек ОМ, «Жүннен жасалған бұйымдар» жобасы;

Мешітбай Карина-Қамзин ОМ, «Тұрмыстық заттарды және сүйектен декор дайындау» жобасы;

Маманова Аружан - №1 ОМ, «Ұлы Дала өркениеті» жобасы;

Айдос Айсулу-Үштерек ОМ, «Алтын сапа» жобасы ақтамақ өнеркәсібі.

          Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

20-11-2019