• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Киіз үй fest» қалалық конкурсы

Ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, қазақ мәдениетінің дәстүрлерін көбейту, өскелең ұрпақты эстетикалық, еңбек, отбасылық, ұлттық және патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ақсу қаласының білім бөлімі «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Шаңырақ» жобасы бойынша «Киіз үй fest» конкурсын өткізді.

Конкурсқа Ақсу өңірінің 23 мектебі қатысты. Алдын ала 2018 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін мектептерде дайындық кезеңдері өткізілді.

Ата-аналар қауымдастығы, халық шығармашылығының қолданбалы түрлері бойынша жергілікті шеберлер және оқушылар киіз үйді бірлесіп жасау үшін ортақ іске бірікті. Аға буын өкілдері «сарапшы – кеңесшілер» ретінде сөз сөйледі, олар өздерінің білімдерімен және осы істегі құпияларымен бөлісті. Мектеп аясында киіз үй жасау бойынша шеберлік-кластары өткізілді. Қалалық семинарда ұстаздар өздерінің теориялық білімдерін толықтырып, Жамбыл ЖОМ-нің технология мұғалімі Қаманай Жиенхан және №1 ЖОМ-нің технология мұғалімі Сахаба Көгершін сөз сөйледі. Семинар тақырыбы «Ұлттық қолөнер - ұрпаққа ұлағат».

Міне, байқаудың соңғы кезеңіне де келдік.

2019 жылғы 13 наурызда аймақтың барлық мектептері Балалар экотехорталығына киіз үй макеттері көрмесіне шақырылды.

Коворкинг залында әдемі безендірілген киіз үйлер, бай дастархан жайылды. Конкурсқа қатысушылар өздерінің киіз үйлерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті. Конурс жұмысын білікті қазылар алқасы бағалады, оның құрамында әртүрлі мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің және педагогикалық еңбек ардагерлерінің өкілдері болды.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Бас жүлде –№2 ЖОМ;

1-орын – М. Кабылбеков ЖОМ;

2-орын – Айнакөл ЖОМ;

3-орын – №1 ЖОМ, лицей-мектебі.

«Үздік ұлттық киіз үй» номинанттары: №8 ЖОМ (5-сынып оқушысы А. Чертковтың жұмысы), Қ. Шүлембаев ЖОМ, Б. Момышұлы ЖОМ, Жамбыл ЖОМ, Қалқаман ЖОМ.

«Ең креативті киіз үй» номинациясына №4 ЖОМ, №7 ЖОМ, Еңбек ЖОМ, Қамзин ЖОМ, Қызылжар ЖОМ, Үштерек ЖОМ ие болды.

«Ең үздік киіз үй» номинациясымен: Ақжол ЖОМ, Береке ЖОМ, Достық ЖОМ, Сарышығанақ ЖОМ, Беловка кентіндегі №5 мектептің бастауыш мектебі марапатталды.

«Ең үздік киіз үй жабдығы» номинациясымен: Ақжол ЖОМ, Береке ЖОМ, Достық ЖОМ, Сарышығанақ ЖОМ, Сольветка негізгі мектебі мен Беловка кентіндегі №5 бастауыш мектебі марапатталды.

«Шаңырақ» үздік брошюрасы» номинациясы бойынша негізгі Спутник мектебі атап өтілді.

Конкурсты өткізудің демеушілері: «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ, «Казрудпром» ЖШС, «Территория добра» Ақсу қоғамдық қайырымдылық балалар қоры, Ақсу қаласының ЖБДО болды.

Халықтың қолданбалы шығармашылығының осы түрімен қаламыздың әр тұрғыны Наурыз мерекесіне дейін көрмеге барып таныса алады.

26-03-2019