• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«2019 жылдың үздік психологы» ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСЫ

2019 жылғы 30 сәуірде Ақсу қаласының балалар эко-техно орталығы базасында білім бөлімі 150 адамды қамтыған қалалық «Жылдың үздік психологы» конкурсын өткізді. Оған Айнакөл, Үштерек, Жамбыл, Гагарин орта мектептерінің психологтары қатысты. Конкурс 3 турда өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Мен және менің мамандығым» атты визит карточкасын ұсынды. Екінші кезеңде қатысушыларға педагогикалық жағдайлар ұсынылды, онда олардың әрқайсысы өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Үшінші кезең – «Білім беру мекемелерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру және оның рөлі» зерттеу жобасын қорғау.

Барлық қатысушылар өз жұмыстарын лайықты қорғап, әр кезеңге шығармашылықпен келді. Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орынды Айнакөл ОМ психологы Гүлжан Бейбітқызы Табулова, ІІ-орынды Гагарин ОМ психологы Наурызбай Айсауле және ІІІ-орынды Үштерек орта мектебінің психологы Айгерим Кабдилманаповна Касимова алды, сондай-ақ Жамбыл орта мектебінің психологы Өзкей Нұрбақыт «Креативті психолог» номинациясына ие болды.

Барлығы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

30-04-2019