Ақсу өңірінің мектеп психологтарымен «Оқушылардың адамгершілік-жыныстық тәрбиесі» атты қалалық семинар

2019 жылғы 29 қазанда мектеп – лицей базасында Ақсу өңірі мектептерінің психологтарына арналған «Мектеп оқушыларының адамгершілік-жыныстық тәрбиесі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Жұмыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлімде лектор-психологтар «БҰЛ ТУРАЛЫ білетіндеріңіз, бірақ сұраудан қорқатындарыңыз», «Жасөспірімнің жыныстық және репродуктивті денсаулығы» атты баяндамаларын оқыды.

Семинардың екінші бөлімінде модераторлар «Мен және біз», «Дененің жеке бөліктерінің биі» атты эмоциялық және психологиялық шиеленісті шешу үшін жаттығулар өткізді. Ата – аналармен жұмыс істеу үшін жыныстық тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарасты тәрбиелеу мақсатында «Екі шеңбер», «Егер бұл махаббат болса» және т.б. тақырыптарда треннингтер мен шеберлік-кластардың фрагменттері көрсетілді.

Сөз алған психологтардың әрқайсысы (Қызылжар ОМ, Қалқаман ОМ, Сарышығанақ ОМ және Шүлембаев ОМ) оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен жұмыс істеу әдістемелерімен және тәжірибесімен бөлісті.

Осындай кездесулердің арқасында біздің тәжірибеміз жұмысқа қажетті жаңа біліммен және практикалық әдістермен байытылады.

30-10-2019