• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Қозғалыстың жас инспекторлары – 2019» қалалық слеті

2019 жылғы 13 мамырда Ақсу қаласының №8 орта мектебі базасында білім бөлімі толық 12-14 жастағы балалар қатысатын қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының қалалық слетін өткізді.

Аталған слет балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол - көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жетілдіру және мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне аудару мақсатында өткізілді.

Бұл конкурсқа №1, №2, Гагарин, Қызылжар, Қамзин, Қабылбеков, Шүлембаев орта мектептерінің 7 жасағы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – Қабылбекова ОМ, 2 орын – Гагарин ОМ, 3 орын – №2 ОМ.

14-05-2019