• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Полицияның жас көмекшілері - 2019» қалалық слеті

13-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалар нашақорлығының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру, мүдделі ведомстволарды, ұйымдар мен жұртшылықты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалар нашақорлығының алдын алу мәселелеріне тарту мақсатында 2019 жылғы 29 сәуірде Ақсу қаласының №1 орта мектебінде «Полицияның жас көмекшілері – 2019» қалалық слеті өткізілді.

Бұл конкурсқа келесі мектептердің 8 отряды қатысты: №1 ОМ, №2 ОМ, №4 ОМ,№7 ОМ, Гагарин ОМ, Жамбыл ОМ, Қамзин ОМ және Спутник НМ.

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді: 1 орын – №2 ЖОМ «Болаша» тобы, 2 орын – №7 ОМ «Non-stop» тобы, 3 орын – №4 ОМ «Жастар» тобы.

30-04-2019