• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Аты-баты, жас солдаттар» » атты ойын-байқау бағдарламасы

Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінде 4 аула клубы жұмыс жасайды. Олардың ішінде 3 аула клубы қаланың 3 шағын ауданында, ал 1 аула клубы М. Омаров атындағы ауылдық жерде орналасқан. Жазғы уақытта бүлдіршіндердің тұрғылықты жері бойынша «Уақыт қақпасы» атты бағдарлама құрастырылған. Ол бағдарлама 5 бөлімнен тұрады: «Тарих бастауында», «Қайта КСРО-ға», «Тәуелсіздік жылдары», «Ұлы даланың жеті қыры» және «Қазіргі заманның танымал адамдары».

            Балалар аула клубтарына күнделікті барып тұрады. Ойын ойнайды, экскурсияға барады, Балалар шығармашылық үйінің іс-шараларына белсене қатысып отырады. Аула клубтарының спорт бойынша нұсқаушылары тәрбиеленушілермен ескі аула ойындарын үйренеді.  Бос уақыттарын тиімді және пайдалы өткізеді. 

2019ж. 9 шілде «Тәуелсіздік жылдары» бөлімі шеңберінде аула клубтары арасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуына арналған «Аты-баты, жас солдаттар» атты ойын-байқау бағдарламасы өткізілді.

            Аталмыш іс-шараға 10 адамнан құралған 3 топ қатысты. Байқаудың барлық тапсырмалары әр әскери құрамға қатысты дайындалған. Қатысушылардың шапшаңдығын, ептілігін, тапқырлықтарын байқайтын боламыз.

            Бұл шараның мақсаты – өмірлерің толықтай әскери іске арнаған адамдарға деген құрметті тәрбиелеу. Балаларға Қазақстан әскеріне қызмет ету әр Қазақстан азаматының борышы екендігін ойын арқылы жеткізу

10-07-2019