• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніне аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жіберу туралы ақпарат

«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешені ұлттық білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік - рухани оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаны кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын республикадағы жалғыз орталық болып табылады.

Жыл сайын сауықтыру, оңалту және демалыу мақсатында Ақсу қаласы және ауылдық өңір мектептерінің оқушылары «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніне жіберіледі.

2019 жылғы 5 наурыз бен 2019 жылғы 26 наурыз аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы балалардан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан 10-нан 13 жасқа дейінгі                  10 бала «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніне жіберілді.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар әлемді құзыретті тәрбиешілермен және олардың көмекшілерімен таниды.

Оқу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері күн сайын балаларға қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, алты рет тамақтану, өмір мен денсаулықты қорғау, медициналық қызмет көрсетеді, білім беру процесін жүзеге асырады.

Оқу-сауықтыру кешеніндегі балалар үшін бірқатар оңалту, сауықтыру және емдеу іс-шаралары қарастырылған. Балалардың сауықтыру және емдеу рәсімдерінен уақытылы өтуі, әрбір бала үшін сауықтырудың жеке жоспары жасалады.

Балалардың рухани-адамгершілік дамуына, мәдениет пен өнер құндылықтарына баулуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешені-балалардың үйлесімді дамуы мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған жаңа үлгідегі бірегей білім беру кешені.

27-03-2019