• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

2018 жылға арналған электронды мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақсу қаласының білім бөлімі келесі жұмысты жүргізді:

2018 жылғы 8 қазанда білім бөлімінің қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін электронды түрде алу туралы бейнероликті трансляциялау арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді (фотосы қоса беріліп отыр).

2018 жылғы тамызда 6 тармаққа сәйкес 2018 жылғы 3 тамыздағы БАҚ –та «Новый путь» және «Ақсу жолы» газеттерінің № 31 санында электронды мемлекеттік қызметтердің артықшылықтары туралы «Балабақшаға кезекке – үйден шықпай-ақ» мақаласы орналастырылды (скрин қоса беріліп отыр).

2018 жылғы 10 тамыздағы «Новый путь» және «Ақсу жолы»                      газеттерінің №32 сандарында ddo.smartaksu.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша нұсқама және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру жарияланды (скрин қоса беріледі).

Ақсу қаласы білім бөлімінің сайтында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін электронды форматта «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсету бойынша бейнеролик орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа арналған толық ақпарат Ақсу қаласы білім бөлімінің bilimaksu.kz. ресми сайтында орналастырылған, сондай-ақ Ақсу қаласының білім бөлімі ғимаратының фойесінде және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында секторлармен көрсетілетін қызметтердің барлық тізбесі, көрсетілетін қызметтер туралы қысқаша ақпарат бар.


Білім бөлімінің басшысы                                    Қ. Смағұлов

 

09-10-2018