• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Менің қалам - Жер бетіндегі осындай жалғыз қала» зияткерлік-өлкетану ойыны

Қала күні – Еліміздің басты күнідерімен қатар тұратын, ауқымы бойынша ең бұқаралық, мерекеге дайындық бойынша ең қарқынды, әр қаланың барлық тұрғындарын қозғайтын ауқымды мереке. Бұл күні қала басшыларының сөз сөйлеулері, шерулер, халықтық серуен, жәрмеңкелер, мерекелік концерттер, көше перфоманстары, көрмелер, жарыстар өткізіледі.

Туған қала – сенің өскен, ұзақ жылдар бойы тұрған, саған бәрі таныс  қала.

Туған қала – бұл туған үй сияқты. Ал туған үй – бұл сенің тұратын жерің емес, бұл сенің қайтып оралатын мекенің! Сенің жағымды естеліктерің дәл осы қаламен байланысты.

27 қазанда «Менің қалам - Жер бетіндегі осындай жалғыз қала» зияткерлік-өлкетану ойыны өткізілді. Зияткерлік ойынға «Балалар эко-техноорталығы» бірлестігінің оқушылары қатысты: «Акула пера» жетекшісі Н. Дойтен, «Беби-клаб» жетекшісі С.Н. Какенова, «Алтын Оймақ» жетекшісі С. Рашат, «Радуга талантов» жетекшісі И.П. Бережнова, «Көңілді шақ» жетекшісі М. Касенова, «Зооәлем» жетекшісі Мұрат Майра, «Жібек жолы» жетекшісі Б. П. Елимесова. Барлығы 85 бала қатысты.

Қатысушыларға туған қала және оның ауылдық округтері туралы сұрақтар қойылды. Сүйікті қала туралы тарихи фильм көрсетілді. «Беби-клаб», «Жібек жолы», «Акула пера», «Алтын Оймақ» бірлестіктерінің оқушылары шараға қатысушыларды өздерінің ізгі тілектерімен, өлеңдерімен құттықтады. «Акула пера» және «Жібек жолы» бірлестігінің қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін сыйлықтар табысталды.

05-11-2018