• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 15 қаңтарда дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 10 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Олардың арасынан 39 оқушы оза шықты.

"Шығарма жазу" бағыты бойынша  ІІІ дәрежелі дипломға Ақсу қаласы №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Оспан Толқын ие болды.

"Ақындар мұшәйрасы" бағыты бойынша  ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых марапатталды.

Оқушыларды құттықтаймыз!

16-01-2019