Облыстық «Мағжан оқулары» конкурсының нәтижесі

2019 жылғы 20 қарашада облыстың жалпы білім беру мектептерінің    7-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Мағжан оқулары» өтті.

Ақсу қаласының атынан қалалық деңгейде үш бағыт бойынша 1 орынға ие болған 3 оқушы қатысты. Олар: Бөжен Асем – Қызылжар ОМ 9-сынып оқушысы «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша, Хасангалиева Ақбота – Ақсу қаласының № 2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы «Толқынмен толқын сырласып…» бағыты бойынша, Мектепхан Сыдых – Қызылжар ОМ 10-сынып «Толқынмен толқын сырласып…» бағыты бойынша.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Қызылжар ОМ 10-сынып оқушысы Мектепхан Сыдых 1 орынға иеленіп, Павлодар облысы білім беру басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды (мұғалімі Асен Аманжол).

21-11-2019