• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының қорытындысы

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп 2019 жылғы 29 наурызда жалпы білім беру мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсын өткізді. Конкурс облыстық                             Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының базасында өткізілді. Ақсу қаласынан 4 оқушы қатысты, төрт номинация бойынша қалалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының жеңімпаздары: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясы бойынша М. Қабылбеков атындағы 9 сынып оқушысы Аманкелд Кумисхан, «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» номинациясы бойынша Ақсу қаласының № 1 ОМ 10-сынып оқушысы Карташова Людмила, «Білімді зерек адам болам! – десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен» номинациясы бойынша Ақсу қаласының № 1 ОМ 11-сынып Жусупова Ақбопе, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» номинациясы бойынша Ақсу қаласының № 2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жанболат Әлфараби.   

Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды.
 «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» номинациясында: Ақсу қаласының № 1 ОМ 10-сынып оқушысы Карташова Людмила 3-орын иеленіп, Павлодар облысы білім беру басқармасының  ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Білімді зерек адам болам! – десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен» номинациясында: Ақсу қаласының № 1 ОМ 11-сынып оқушысы Жусупова Ақбопе БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды, Павлодар облысы білім беру басқармасының  дипломымен марапатталды.                                                    

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» номинациясы бойынша Ақсу қаласының № 2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жанболат Әлфараби 3 орын иеленіп, Павлодар облысы білім беру басқармасының  ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.                                                                                                         Облыстық  кезеңінің нәтижесі бойынша БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алған № 1 ОМ 11-сынып оқушысы Жусупова Ақбопе республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсына қатысады.

02-04-2019