Жастар жылына арналған республикалық шығарма-эссе конкурсының нәтижесі

ҚР БҒМ 31.10.2019 ж. №487 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Жастар жылына арналған республикалық шығарма-эссе конкурсы өткізілді.

Ақсу қаласы білім бөлімі ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша конкурсқа қатысу үшін Ақсу өңірінен 2 жұмыс: қазақ тілі мен әдебиетінен Достық ауылы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ауыт Оралбектің және орыс тілі мен әдебиетінен Ақсу қаласы мектеп-лицейінің   8-сынып оқушысы Бочкарева Екатеринаның ұсынылды. 

Республикалық шығарма-эссе конкурсының жеңімпаздары болып табылғандар:

қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Өз ұстанымының пайымдау және тұжырымдар ерекшелігі» номинациясымен Достық ауылы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ауыт Оралбек белгіленді;

орыс тілі мен әдебиеті бойынша Ақсу қаласы мектеп-лицейінің            8-сынып оқушысы Бочкарева Екатерина 3 орын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

24-12-2019