• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Балалар ғаламшары «Ертегілер әлемі»

Көңілді, белсенді демалыс- денсаулықтың  кепілі. Бірақ, әрине, ата-аналар мен педагогтар демалудың қауіпсіз болуын қалайды. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері-бұл баланың шығармашылық әлеуетін ашу үшін тамаша орын.  Үштерек орта мектебінің «Ертегілер әлемінде»атты мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің 2 ауысым  ашылуының бірінші күні балаларда ең жақсы әсер қалдырды. Олар жай ғана танысып қана емес, өз отрядтарын безендірді, қызықты атаулар мен ұрандар ойлап тапты, ал оны шығармашылық, ойын түрінде жасады. "Біз бүгін осында жиналғанымыз қалай тамаша" ойын-эстафетасы әр адамға өз шығармашылық қабілеттерін, қиялын көрсетуге мүмкіндік берді, достасуға және топтасуға көмектесті. Балалар барлық конкурстық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: лагерь аумағында сөз құрастыру үшін әріптерді іздеді, қызықты сұрақтарға жауап берді, би биледі, ойнады.  Барлық бағдарлама бойынша балалар тәрбиешілер мен  аға тәлімгер  орындауында Фиксик,  сайқмазак, аю  және қуыршақ көңіл көтерді. Іс-шара көңілді аяқталды

24-06-2019