• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

"Күй дастаны"

Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы,төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Домбыра шертілгенде қазақтың кең байтақ сахарасы, сұлу табиғаты,самал желімен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Міне осы қазақтың «Киелі Домбыра» күніне орай №2 мектебіміздің оқушылары, №7 мектеппенен және қаламыздың өнер мектебінің басшысы Жанар Серікқызы қолына қара домбырасын алып, алдынан шәкірттерін ертіп, мектебіміздің  «Мирас» сауықтыру лагерінің балаларына қонаққа келіп, домбыраның құрылысын, оның қасиетін айтып берді және « Қазақ халқының  қазынасы  - домбра»  атты викториналық сайыс өткізді. Өзі жетекшілік жасайтын «Ұлар» тобымен күйлер шертіп берді. Кездесу балаларға керемет әсерлі болды. Ұлттық аспабымыз- Домбыра күніне арналған іс-шара  өз жалғасын 5-шілде күні №2 мектептегі мұражайда жалғасын тапты. Бұл іс-шараға өз шәкірттерімен музыка пәнінің мұғалімі Кисатова Гүлжан Курмашевына қатысты. Іс-шара өте жақсы ұйымдастырылып өтті.   Лагерде топтар арасында «Астана ғажайып қала»   атты  асфальтта сурет салу сайысы өтті. Оқушылар белсенді  катысты. Мектеп кітапханасында « Жан жүрегі-Астана » атты көрме бүрышы  ұйымдастырылды.

10-07-2019