• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Жаңа форматтағы кітап»

2019 жылғы 13 ақпанда Ақсу қаласының № 2 ЖОМ базасында мектеп кітапханаларының жобалық қызметі аясында Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың мектеп кітапханашыларына арналған «Кітапхана қызметіндегі жаңа ақпараттық технологиялар» атты 2 күндік облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар Қазақстандағы Жастар жылы, ТМД – дағы кітап жылы, «Бір ел - бір кітап» - «Одна страна – одна книга» республикалық акциясы, «Қазақстандық балалар оқуларының картасы» «Әрқайсымыз оқу қажет жүз кітап» республикалық жобасы шеңберінде өтті.

Мақсаты - кітапхана пайдаланушылары арасында кітап пен оқуды насихаттау, кітап пен оқудың беделін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін жаңа ақпараттық ресурстарды құру, кітап пен оқуды оқырмандар ортасына қозғау, патриоттық бағыт, оқу белсенділігінің және мектеп кітапханаларының кәсіби қызметінің аясында жүргізу.

         Тәжірибелік алаң жұмысы барысында қатысушыларға Ақсу қаласының № 2 ЖОМ кітапханашысы Б.Ж. Аужанованың буктрейлерлерді құру тәжірибесі ұсынылды, кітапханашылар Windows Movie Maker, SonyVegas Pro, avi форматы, Ютюб бейнередакторы бағдарламаларында жұмыс істеуге үйреніп, буктрейлерге сценарий, бейнероликтер, видеоклиптер, бейнемонтаждар жасауды үйренді, № 2 ЖОМ психологі Д.Искаковамен релаксация-тренинг өткізілді, келген қонақтарға мектеп мұражайға экскурсия өткізілді.

Өзара ынтымақтастық пен серіктестік қарым-қатынас жасау мақсатында семинар жұмысына Екібастұз қаласының мектеп кітапханашылары, «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы», білім бөлімдерінің кітапхана қорлары бойынша мамандар мен әдіскерлер қатысты.

14-02-2019