Достық шеңбері

Павлодар облысы Ақсу қаласының Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебінің еріктілері "Жүректен жүрекке"атты мектеп жобасы бойынша өз жұмысын жалғастыруда."Жас Ұлан" мектебінің волонтерлері 4 "Б" сынып оқушылары, ата-аналары және сынып жетекшісі С. В. Семенкомен орталықтағы достарына келді. Мектептің кішкентай волонтерлері  " Қазақстан мейірімділік мекені " Республикалық акциясы аясында орталық тәрбиеленушілеріне « Қайырымдылық себетін» жинады. Балалар өз уақыттарын жылы және достық қарым-қатынаста өткізді.

13-03-2020