Ақсу қаласының №4 ОМ-нің оқушысы Кунец Арина облыстық «Бояулар сыр шертеді» сурет сайысының жеңімпазы аттанды

Ақсу қаласының  №4 ОМ-нің  3 «В» сынып оқушысы Кунец Арина жасқыраншыларға арналған «Бүгіннің баласы-болашақтың данасы» атты шығармашылық  байқау  аясында «Бояулар сыр шертеді»  бағыты бойынша «Болашақта мен өзімді кім деп көремін» тақырыбында сурет салды.Арина өз суретінде өзін стоматолог ретінде көрсетті.  Бұл сурет қалалық байқауға іріктеліп, оның нәтижесі бойынша облыстық байқауға  жіберілді.Байқау Павлодар қаласында М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өтті. 26.11.2019ж. облыстық  байқауда  өз жұмысын шығармашылықпен көрсету керек болды, Аринаға сыныптастары көмектесті.Хореограф                         

Б. К.Нуртаевамен, ұйымдастырушы-педагог В. Ф.Касьянмен және балалармен бірге  бірлесіп Арина өлең оқып, сыныптастарымен бірге медициналық халат пен маска киіп  биледі.Байқауға облыстың барлық мектептерінен әртүрлі суреттер мен мамандықтар бойынша  11 мектеп қатысты.Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушысы бірінші орынға ие болды, грамотамен және арнайы сыйлыққа ие болды.Балалар іс-шарадан үлкен әсер алды, келесі байқауды асыға  күтуде.

29-11-2019