«Еріктілер - 2020» жайдарман конкурсы

Ақсу қаласының білім бөлімі Жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп волонтерлік отрядтар арасында «Еріктілер - 2020» жайдарман конкурсы өткізілді. Конкурсқа № 2 орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы, К. Қамзин атындағы, Еңбек, Қалқаман, Үштерек орта мектептері, дарынды балаларға арналған гимназия және Қара металлургия колледжі командалары қатысты. Барлық балалар лайықты өнер көрсетті, өздерінің тапқырлықтары мен білімпаздықтарын көрсетті.

Гран – Приға ие болған 2 орта мектебінің командасы, ауыспалы кубок пен грамотамен марапатталды. Бірінші орынға Қара Металлургия колледжі ие болды, екінші орынды гимназия алды және үшінші орын Еңбек ауылы орта мектебінің командасына берілді.

Қалған командалар номинациялармен және сыйлықтармен марапатталды.

06-02-2020