• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» атты қалалық семинар

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылғы 27 ақпанда             № 1 қазақ орта мектебінде облыстық кешенді жобалардың бірі «Шаңырақ» жобасын іске асыру мақсатында «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» атты қалалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарға Ақсу қаласы және ауылдық өңірдің тәрбие ісінің меңгерушілері, үйірме жетекшілері және технология пәнінің мұғалімдері шақыртылды. Семинарға 38 мұғалім қатысты. Тәжірибе алмасу бес бөлімнен тұрды.

Семинардың ашылу салтанатынан кейін келген мұғалімдер мектебіміздің «Ұлы дала мұрасы», «Алтын ұя - мектебім» мұражайларына экскурсияға барды. Берілген бағдарлама бойынша мастар-кластарға бес кабинетке бөлінді.

«Киіз үйдің құрылысы» жайлы көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қаманай Жиенхан, «Фетр матасынан кеудеше тігу» бойынша технология пәні мұғалімі Сахаба Көгершін, «Матаны үнемді қолдану арқылы құрақ құрау» бойынша технология пәні мұғалімі Базар Назира, «Қоржын тігу» жөнінде технология пәні мұғалімі Айжан Амановна Кусаинова, «Шебердің қолы ортақ» қолдан әшекей бұйым жасау бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Алия Сериковна Турумтаева тәжірибелерімен алмасты.

Семинар соңында барлық жиналған мұғалімдер стикердің көмегімен өз тілектері мен алғыстарын білдірді.

 

28-02-2019