• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Қосымша білім берудің үздік педагогы

Қаламызда жыл сайын «Қосымша білім берудің үздік педагогы» конкурсын өткізу игі дәстүрге айналған. Биыл да бұл шара жалғасын тапты. Екінші ақпанда Балалар шығармашылығы үйіне ұстаздық қоғамда не болып жатқанына бей-жай қарай алмайтын адамдар жиналды. Осы жылғы педагогтардың кәсіби сайысына Балалар шығармашылық үйі «Айна» театрлық үйірмесінің жетекшісі Адлет Ермекұлы Серикбаев, Балалар шығармашылық үйі «Колибри» хореографиялық ұжымның жетекшісі Татьяна Сергеевна Плотникова, «Жасыл әлем» экологиялық балалар орталығының жетекшісі Ажар Едилқызы Жанжигитова, балалар өнер мектебі «Ұлар» үлгілік қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі Жанар Серикқызы Калиева, балалар өнер мектебінің теориялық және вокалдық пәндер оқытушысы Ольга Анатольевна Козярская, «Зооәлем» балалар экологиялық орталығының жетекшісі Майра Мұрат қатысты.

Барлық педагогтардың беретін пәндері, еңбек өтілдері және кәсіптік санаттары әртүрлі болғанымен, олардың таңдаған мамандығына деген адалдығы, қызығушылығы, оқушыларына сапалы білім мен тәрбие беруге деген ниеттері ортақ.

         «Қосымша білім берудің үздік педагогы» жарысының финалына дейін қатысушылар сахнада екі кезеңнен өтті. Олар «Менің жұмысым туралы эссе», портфолио тапсырып, білім беру мекемелерінде конкурстық сабақтар өткізді, әдістемелік жұмыстарының жүйесін таныстырды.

Қатысушылар финалда «Визиттік карта» конкурсында өздерін таныстырды. Сахнада бүтіндей театрландырылған көрініс көрсетілді. Қатысушылар дарындарымен жарқырап, ән айтып, би билеп, көрерменмен жұмыс істей алу сияқты әртістік қабілеттерін көрсетіп, өз педагогикалық білім қорындағы кәсіби біліктілігін, заманауи технологиялардың кең спектрін көрсетті. Конкурс қатысушыларына қосымша білім беру ұйымдарының ұжымдары қолдау көрсетті. Мұғалімдер мен оқушылар өз әріптестерінің сахнада ешкімге ұқсамай, жарқырап өнер көрсетуіне өз септігін тигізді. Балалар шығармашылығы үйі «Мерей» вокал студиясы тәрбиеленушілерінің орындауындағы музыкалық номерлер қызуландыра түсті

Барлық қатысушылар қиын сынақтардан абыроймен өтіп өз мектептері ұжымын лайықты түрде көрсете білді. Алайда, кез-келген сайыстағы сияқты «Қосымша білім берудің үздік педагогы» конкурсында да күштілер анықталды. Бас жүлдені Татьяна Сергеевна Плотникова, 1-орынды Адлет Ермекұлы Серикбаев, 2-орынды Ажар Едилқызы Жанжигитова және 3-орынды Ольга Анатольевна Козярскаялар жеңіп алды. «Қосымша білім берудің МЭТР-і» номинациясы қосымша білім беру жүйесін дамытуға деген көпжылдық баға жетпес еңбегі үшін Жанар Серикқызы Калиеваға табысталды. «Шексіз шығармашылық» номинациясын келешегінен зор үміт күттіретін жас педагог Майра Мұрат ие болды.

Мерекелік шараның соңы қатысушылар, жүлдегерлер мен конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды. 

15-02-2018