Ақсу қаласында білім беру ұйымдары арасында 2019 жылғы “Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор”

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және уәждемелеу мақсатында Ақсу қаласында техникалық инспекторлардың қалалық конкурсы өтті.

      Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін кәсіподақ қозғалысы ардагерлері мен техникалық инспекторлардан тұратын комиссия құрылды (Ж. К. Рүстем, конкурстық комиссияның төрағасы, Е. И. Цапкова, комиссия мүшесі, О. С. Осипова, комиссия мүшесі).

Конкурсқа білім беру ұйымдарының келесі техникалық инспекторлары қатысты:

  1. Райхан Балтабаевна Адамжанова, «Ақсу қаласының № 4 орта мектебі» КММ техникалық инспекторы;
  2. Наталья Владимировна Смирнова, «Ақсу қаласының № 7 орта мектебі» КММ техникалық инспекторы;
  3. Тулеуболат Айдарбекович Кожахметов, «Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебі» КММ техникалық инспекторы»;
  4. Игорь Владимирович Штрауб, «Ақсу қаласы Достық селолық округі Пограничник ауылы Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің техникалық инспектор»;
  5. Асыл Шалгынбаевна Жампетова, Ақсу қаласы «Айналайын» бөбектер-бақшасы» МКҚК техникалық инспекторы»;
  6. Светлана Ивановна Каблова «Ақсу қаласының № 16 бөбектер бақшасы» МКҚК»;

                    Ережеге сәйкес бірінші тур (сырттай): техникалық инспекторлардың құжаттары қаралды. Қатысушылар құжаттарда барлық жүргізілген жұмыстарды көрсетті, актілердің, бұйрықтардың, хаттамалардың көшірмелерімен, фотосуреттермен растады.

                    Екінші турда (күндізгі) техникалық инспекторлар жұмыстың презентациясын ұсынды.

                    Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

– III жүлделі орын - Светлана Ивановна Каблова, «Ақсу қаласының № 16 бөбектер бақшасы» МКҚК, басшының ӘШБ бойынша орынбасары;

- II орын- Райхан Балтабаевна Адамжанова, «Ақсу қаласының № 4 орта мектебі» КММ техникалық инспекторы»;

- I жүлделі орын - Наталья Владимировна Смирнова, «Ақсу қаласының № 7 орта мектебі» КММ техникалық инспекторы».

             Комиссия шешімімен облыстық конкурсқа Наталья Владимировна Смирнованың материалдары жіберілді. Сонымен қатар, Райхан Балтабаевна Адамжанованың қосымша материалдарын жіберу туралы шешім қабылданды.

            Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша №4 орта мектебінің техникалық инспекторы Райхан Балтабаевна Адамжанова 2 жүлделі орынға ие болды, ал 1 орынды № 7 орта мектебінің техникалық инспекторы Наталья Владимировна Смирнова бірауыздан иеленді.

11-04-2019