• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Ақсу» балалар эко-техноорталығының үздік тәрбиеленушісі-2019»

22 ақпанда Жастар жылы аясында «Ақсу» балалар эко - техноорталығында талантты, дарынды және шығармашыл балаларды анықтау мақсатында «Ақсу» балалар эко-техноорталығының үздік тәрбиеленушісі» байқауы өтті. Ол төрт кезеңде өткізілді: біріншісі – «Визиттік карта», екіншісі – «Өз бірлестігіңді таныстыру», үшіншісі - Мен өз болашағымды қалай көремін?» және төртінші, соңғы кезең: «Туып келе жатқан жұлдыз». Барлығы 120 адам қатысты.

Конкурс бес балдық жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды шығару кезінде келесі критерийлер бағаланды: материалды беру бірегейлігі, таңдалған тақырыпқа сәйкестігі, мазмұндылығы, әртістік, эмоционалдығы.

Орталығымыздың тоғыз тәрбиеленушісі өз білімдерін ортаға салды:

                   1) Лина Дюсекина «Ақсу» балалар эко-техноорталығының үздік тәрбиеленушісі» номинациясына ие болды және 5000 теңгеге сертификат, жетекшісі И. В. Каширихина, «Зеленая планета» бірлестігі;

2) Полина Апсалямова «Құрмет» номинациясында жеңіске жетті, жетекшісі А. Н. Билялова, «GreenLandia» бірлестігі»;

3) Жасмин Бугубаева «Қаламұш сынамасы» номинациясына ие болды, жетекшісі Нұрсұлу Дойтен, «Жас тілші» бірлестігі;

4) Жандаулет Сарсенбаев «Көрқырлы таланты үшін» номинациясында жеңіске жетті, жетекшісі Д. Е. Мағжанов, «Робототехника» бірлестігі»;

5) Рая Хайратхан – «Шығармашылық дарынды» номинациясы бойынша үздік, жетекшісі А. Гомбожай, «ІТ – технологиялар» бірлестігі;

6) Айым Жунусова – «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясының ең кішкентай қатысушысы, жетекшісі К. М. Касенова, «Демалыс күні клубы»;

7) Гулиза Муканбет – «Ең сүйкімді» номинациясы бойынша грамотаға ие болды, жетекшісі А. К. Какенова, «Babyclub» бірлестігі;

8) Адина Нурланова «Шабыт» номинациясына лайық деп танылды, жетекшісі - А. Е. Жанжігітова, «Экоәлем» бірлестігі»;

9) Аида Бабыкова – «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы, жетекшісі Майра Мұрат, «Зооәлем» бірлестігі.

Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жарайсыңдар, балалар, сендер біздің орталығымыздың мақтаныштарысыңдар! Біз сендерге алдағы уақытта табыс тілейміз!

Осындай конкурс - жақсылық пен сұлулық әлеміне алып келетін есте қаларлық және қызықты мереке!

27-02-2019