Қала аулаларындағы жаппай іс-шаралар

Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің базасында 4 аула клубы жұмыс істейді, оның 3-і шағын аудандарда (Қамзина 30, Әуезов 21, Ленин 43) және біреуі М. Омаров атындағы ауылда орналасқан. Жазғы кезеңде балалар үшін «Уақыт қақпасы» бағдарламасы әзірленді, ол 5 блоктан тұрады: «Тарих бастауында», «КСРО-ға шегініс, «Тәуелсіздік жылдары», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Қазіргі заманның атақты адамдары». Балалар күн сайын аула клубтарына барады. Аула клубтарының спорт нұсқаушылары олармен түрлі қимыл ойындарын, конкурстар өткізеді, сондай-ақ балалар шығармашылық үйіндегі іс-шараларға қатысады. Қала аулаларында ұйымдастырылған іс - шаралардың мақсаты - балалар үшін қызықты және танымдық бос уақытты ұйымдастыру, командада жұмыс істей білуге тәрбиелеу, коммуникабельділік, ептілік, жылдамдық, ақыл-ойды дамыту, салауатты өмір салтын және балалардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйін насихаттау.

24-07-2019