• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Этносаралық және дінаралық үйлесім - халық бірлігінің кепілі»

2019 жылғы 20 ақпанда Ақсу қаласының №2 орта мектебінің базасында білім бөлімімен 120 адамды қамтыған «Оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» семинар-практикумы өткізілді (8-сынып оқушылары, Ақсу қаласы мен ауылдық өңір мектептерінің ата-аналары мен сынып жетекшілері).

Аталмыш шараның мақсаты оқушылардың деструктивті діндерге түсуінің алдын алу болып табылады.

Семинарға Павлодар облысы Дін істері басқармасының өкілдері, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З. Ө. Асанбаева, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы, теолог А. Қ. Қылышев қатысты. Ата-аналардың назарына Павлодар облысы бойынша деструктивті діни табынуларға тартылған құрбандар, жастарды әлеуметтік желілер, сондай-ақ сөйлесулер мен әңгімелесулер арқылы тарту тәсілдері туралы бейнероликтер ұсынылды.

         Оңалту бөлімінің басшысы Ә. Р. Абитова «Жастар және қоғамдағы толеранттық қарым-қатынас» тақырыбында оқушыларға арналған психологиялық тренингтер мен ойындар өткізді.

        Сынып жетекшілері тобында модератор ретінде №7 орта мектебінің және Қ. Шүлембаев атындағы орта мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері О. Ю. Хворова мен М. С. Жұмабаева болды. «Неге кейбір адамдар діни табынушылықтарға тартылып, психологиялық әсер алады, ал басқалары бейтарап болып қала береді?».  Өз сөздерінде олар осы мәселелерді айтып, «Саналы толеранттылық пен жалған абырой» тақырыбында пікірталас өткізді.

          Семинар-практикумның соңында №2 орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі –Ж.С. Рамазанова «Қоғамдағы діннің маңызы» тақырыбында дебат өткізді.

Қорытынды бойынша үлестірме материалдар таратылды.

 

 

26-02-2019