• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Жастар - қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында жас педагогтарға арналғанқалалық семинар

Ел тірегі – жастар. Жастардың атқаратын рөлі зор.  Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жариялады. Осыған орай, сәуір айының 30 күні  «Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК жас педагогтарға арналған«Жастар - қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинар барысында арнайы шақырылған қонақ Ақсу қаласының жастар кеңесінің мүшесі Ф.К Есенбаева педагогтармен «Табысты маман еліміздің болашағы» атты тренинг жүргізді. 

Балабақшаның жас педагогы С.Б Хамитова «Кім білгір?» аттыинтеллектуалды ойынды ойнатты. Жас педагогтар өздерінің белсенділіктерін танытып, өз ойларын ашық білдіріп, білімді  педагогтар екенің көрсете білді. Ойынның әділ өтуіне Ақсу қаласының кәсіподақ төрайымы Ж.К Рустем, Білім бөлімінің мектепке дейінгі әдіскері З.Г Абдрахманова, «Балапан» бақшасының әдіскері К.К Рахимбаева, Ақсу қаласының жастар кеңесінің мүшелері  Ф.К Есенбаева, Ш.М Жандильдинова  әділ-қазылар алқасы баға берді.

Ойынның соңында барлық жас педагогтар мадақтамалармен марапатталды. №24 бөбектер бақшасынан бастау алған эстафетаны біз «Балапан» бөбектер бақшасына табыстадық.

04-05-2019