• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жастар–салауатты өмір салты үшін!

Осындай ұранмен Балалар шығармашылық үйінің сахнасында қала және ауыл мектептерінің 8-10  сыныптардың агитбригадалары өнер көрсетті. Он минут ішінде бес топ залда отырған көрермендерді темекі шегу, ішімдік ішу, фастфудтар, пассивті уақыт өткізу, телефонды көп қолдану секілді жаман әдеттерден арылуға шақырды.

Әділ-қазылар мен көрермендердің №1 және Еңбек орта мектептерінің агитбригадалары көзге түсті. Қызықты өнерді №8 мектептің “Сила” тобы  (3 орын) және №7мектептің «Будь здоров!» агитбригада командасы (2 орын) көрсетті.

Ең жарқын және агитациялық көрініс Үштерек орта мектебінің «Позиция» командасында болды. Аталмыш топ “Жастар-салауатты өмір салты үшін” агитбригадалары байқауының жеңімпазы атанды. Барлық командалар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

 

Ақсу қаласының БШҮ ұйымдастырушы ұстазы                           Пащенко О.В.

22-02-2019