• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Есте сатаймыз, мақтан тұтамыз!»

14 ақпан күні Қ.Шүлембаев атындағы орта мектебінде Ақсу кентінің мәдени сауық орталығымен бірлескен Ауған Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерін шығуына 30 жыл толуына арналған еске алу сабағы өтті. Балалармен, ұстаздармен кездесуге Ауған соғысына қатысқан ардагер Тоқтамыс Хайдарұлы Омаров шақырылды.

Кездесуде сол сұрапыл соғыс беттеріне шолу жасалып, интернационал- жауынгерлерге арналып  өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

 Сол соғыста өзінің интернационалдық борышын орындап, ерлікпен қаза болған мектебіміздің түлектері, интернационалист- жауынгерлер Анвар Дюйсенович Молдакимовты, Валерий Дмитриевич Софронийді еске алып балауыз шамдар жағылды.

26-02-2019