№7 орта мектебінің базасында 2020 жылғы 8 қаңтарда БЖБ әзірлеу бойынша отырыс өткізілді

2020 жылдың 8 қаңтарында №7 орта мектебінің базасында Ақсу қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен 3 тоқсанға жиынтық және қалыптастырушы бағалауды құрастыру бойынша қалалық отырыс өткізді.

Бұл кездесуге барлық пәндер бойынша мұғалімдер қатысты. Мұғалімдер 3 тоқсанға арналған  жиынтық және қалыптастырушы бағалау  тапсырмаларын құрастырды.

Іс-шараға 450-ден астам пән мұғалімдері, үйлестірушілер және Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың мектептерінің критериалды бағалау бойынша сарапшылары қатысты.

Осындай кездесу 2019 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында 2 тоқсанның БЖБ құрастыру бойынша Ақсу қаласының № 2 орта мектебінде  өтіп, 400-ден астам мұғалім қатысты.

Отырыс нәтижесінде мұғалімдер оқу жылының соңында барлық сыныптар мен пәндер бойынша жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың
бейімделген тапсырмаларын алады

08-01-2020