• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

№18 бөбектер бақшасының жылдық жоспарына сәйкес ауыл шағын орталықтары мен балабақшаларына арналған «Инновациялық технологияларды қолдану- білім сапасының артуының кепілі» тақырыбында қалалық тәжірибе бөлісу семинар өтті

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде тәрбиешілердің инновациялық инновациялық технология негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Осыған орай №18 бөбектер бақшасының жылдық жоспарына сәйкес ауыл шағын орталықтары мен балабақшаларына арналған «Инновациялық технологияларды қолдану- білім сапасының артуының кепілі» тақырыбында қалалық тәжірибе бөлісу семинар өтті. Семинар барысы бойынша 2 сәби «Балбөбек» тобы ұйымдастырылған оқу қызметі «Ананың көмекшілері» Монтессори элементтерімен, ортаңғы «Күншуақ» тобы ұйымдастырылған оқу қызметі «Қысқы орманға саяхат» Ертегітерапия элементтерімен, ересек тобы ұйымдастырылған оқу қызметі «Мнемотехнология елінде» мнемотехнология элементтерімен, «Ләпбук әр күнде» презентациялау өткізілді. Балаларды дамытып олардың жетістіктерінің жемісін көру үшін іс жүзінде қолдану керектігі туралы қатысқан тәрбиешілер өз пікірлерін айтты.

05-02-2019