• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Атырау қаласында өткен «Ақ сұңқар» IV Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығының фестиваль байқауынан Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінің «Дарын» инструменталды ансамблі «Гран-при», «Сарын» ансамблінің дуэті 1 орынды иеленді

Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйінің шығармашылық топтары осы демалыс күндері тағы да жүлделермен біздің қобдишаны толтырды. «Дарын» инструменталды ансамблінің ұжымы, жетекшісі Уалиев Куанышбек Жалелович және «Сарын» қобызшылар дуэті, жетекшісі Дилмагамбетова Жанна Галимеденовна Атырау қаласында өткен «Ақ сұңқар»  IV Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығының  фестиваль байқауының әділ-қазылар мүшесі мен көрермендерін таң қалдырды.   Көрермендер екі мәрте «Браво!»  деп шапалақтады. Қатысушылардың көптігіне қарамастан, біздің орындау шеберліктерінің жоғары деңгейімен көзге түсті. «Дарын» инструменталды ансамблі «Гран-при»-ді  иеленсе, «Сарын» ансамблінің дуэті 1 орынды иеленді. Жарайсыңдар!!!

    Бірақ, онымен біз тоқталмаймыз! «Колибри» хореографиялық ұжымы ,  жетекшісі Плотникова Татьяна Сергеевна және «Престиж» ұжымы,  жетекшісі Цицюрская Валерия Михайловна бұл демалыс күндері Астана қаласында өткен I Халықаралық «Еуропа мен Азия» атты шығармашылықтың байқау фестивалінің би алаңын жарды. Қызықты постановкалар мен жарқын костюмдер байқаусыз қалмады. Әділ-қазылар алқасының шешімімен 1 орынды «Колибри» ұжымы,   2 орынды «Престиж» ұжымы иеленді. Әрине, Астана қаласындағы керемет демалыс балалардың есінде қалғаны сөзсіз. Себебі, бүлдіршіндер ЭКСПО-ның жұмыс жасап жатқан павильондарын көріп қайтты. Құттықтаймыз!

27-11-2018