30.12-8.01 аралығында қысқы демалыста оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары жасалды

30.12-8.01 аралығында қысқы демалыста оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары жасалды. Мектептерде "Демалыс" ақпараттық стендтері дайындалып, онда жоспарланған іс-шаралар, спорттық секциялар, үйірмелер, кітапханалар, информатика кабинеті және т. б. жұмыстар туралы барлық ақпарат орналастырылды.

Демалыс алдында 1-11 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өткізілді (балалар қауіпсіздігінің барлық бағыттары қаралды).

Мектептерде көптеген іс-шаралар, викториналар, жарыстар мен отырыстар және т.б. өткізілді.

Бастауыш сынып оқушылары арасында "Қысқы ойындар" ұйымдастырылды.Ол: шаңғымен, конькимен, шанамен сырғанау сияқты ойындар.

Мектеп оқушылары мұражайларға, кинотеатрларға, театрларға барды. Ең масштапты  болғаны, № 7 орта мектебінің Павлодар қаласына ежелгі тарих, археология "Ertis" мұражайына экскурсияға саяхатқа сапары, 250 оқушы қамтылды.

Мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында волейболдан, шахматтан жарыстар өткізілді.

Отбасы мен мектептің байланысын нығайту үшін, мектептерде ата–аналарды шақыру арқылы "Әкем, анам және мен-тату отбасы" атты іс-шаралар, шахматтан жарыстар өткізілді.

Сонымен қатар қысқы демалыс күндері кітапханаларда "Жаңа жылға саяхат"атты ақпараттық –ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Балалар Жаңа жыл тарихымен, қыс және жаңа жылдық мерекелер туралы кітаптармен танысты, "Где логика" интеллектуалды ойынымен және "Жақсылық пен жамандық біздің айналамызда" зияткерлік ойыны өткізілді, "Бір ел-бір кітап"атты дөңгелек үстел өткізді.

Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді.

Каникулдар ұйымдастырылған, көңілді, қызықты өтті, балалардың әрқайсысы өзіне ұсынылған іс-шараны таңдап, бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік алды.

13-01-2020