«Қазынаны тап»

17 маусымда Қ. Шүлембаев атындағы орта мектептің «Жас толқын» мектеп жанындағы лагерінде «Қазынаны тап» Квест-ойыны өтті. Балалар қарақшылар бейнесіне айналып, қазына іздеуге кірісті. Олар жасырылған кеңестерді қуана-қуана іздеді, ребустар, сөзжұмбақтар шешті, пазлдар жинады, спорттық эстафетадан өтті. Нәтижесінде командалар өздерінің «тәтті» қазынасын тауып, керемет әсер алды, өздерін нағыз детектив ретінде сезінді.

18-06-2019