Балаларға арналған жаңа жылдық мерекелер

Дәстүр бойынша Ақсу қаласында балаларға, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларының оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға арналған бірқатар жаңа жылдық іс-шаралар өткізілді.

Қала әкімі Б. Ж. Ыбыраевтың атынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған шыршалар өткізілді:

- 2019 жылғы 23 желтоқсанда "Престиж" мейрамханасында 1 сыныптың 120 оқушысы үшін ертегі қойылымы, ыстық тағам мен тәттілермен мерекелік үстел, жаңа жылдық сыйлық (кәмпит) және келер жылдың символы- жұмсақ ойыншықтар бейнесінде берілді;

- 2019 жылғы 24 желтоқсанда балалар шығармашылық үйі мен мәдени-сауық орталықтары базасында қала және ауыл мектептері үшін шырша ұйымдастырылды. Балалардың назарына сахнада қызықты ертегі, шырша жанындағы ойындар мен байқаулар, жаңа жылдық дискотека және тәтті сыйлықтар ұсынылды;

- 2019 жылғы 24 желтоқсанда мүгедек балаларға арналған Шырша өткізіліп, жаңа жылдық ертегі қойылып және сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, осы күні 40 оқушы АФЗ шыршасына барып, оларға бағалы сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Аяз Атаға жазған балалардың тілегі орындалып, балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.      

Осылайша, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының 1500-ден астам балалары тегін жаңа жылдық сыйлықтармен (тәтті кәмпиттер) қамтылды

31-12-2019