• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасы

       2017 жылғы 21 желтоқсанда «Престиж» мейрамханасында аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Ақсу қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекеге Ақсу қаласы және өңірінің мектептерінен 120 бала қатысты.

        Қала әкімі Н.В.Дычко жаңа жылдық мерекеде балаларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Балаларға арнап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Жаңа жылдық оқиға» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді. Бағдарлама соңында балаларға мерекелік дәм татқызу ұйымдастырылды.

22-12-2017