«Экоәлем» лагерінде жаңа сезон!

«Экоәлем»  лагеріне келген әр бір баланы  алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін  жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Соған орай Ақсу балалар эко-техноорталығында 15 шілде күні аз қамтылған және көп балалы отбасыларына арналған жаздық лагері ашылды. Лагерге 60 жуық балалар келді. Алғашқы күні балалармен «Кел, танысайық»  атты тренинг өтті. Оған балалардың бәрі белсене қатысты. Сонымен қатар «Мен және менің командам» атты спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа 3 команда қатысты. Әр команда өздерінің  білімдерімен қатар спортқа жақын екенің көрсетті.  Жалпы алғашқы күн өте қызықты әрі көңілді өтті.

15-07-2019