• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

АҒА ТӘЛІМГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ

Балалар шығармашылық үйінде 2019 жылғы 31 қаңтар күні қала және ауыл мектептерінің аға тәлімгерлері арасындағы байқау «Балалық шақ капитандары» деген атаумен өткен болатын.

Алты тәлімгер өздерін таныстырып, өз жұмыстары туралы креативті түрде айта білді. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде, әр қатысушы өзі туралы айтып, презентация жасады. Екінші кезең–мектепішілік іс-шараның видео презентациясы. «Оқиғалар» экспромт кезеңінде тәлімгерлерге әр түрлі оқиғалар берілді және олар ең дұрыс шешім қабылдап, бұл оқиғадан шығатын ең қолайлы жол табулары қажет етеді. Ең көңілді кезең, ең соңғы «Бәріне арналған позитив» кезеңі болды. Онда тәлімгерлер залда отырған көрермендермен әр түрлі ойындар ойнады.

Қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанда бар жауапкершілікпен қарап, әділ бағалауға тырысты. Қызықты номерлер көрсеткен №1 қазақ орта мектебінің аға тәлімгері Толеутай Заммира Ерғанатқызы, Ақжол орта мектебінің тәлімгері Амирина Маржан Қажыбайқызы, Береке ауылы орта мектебінің тәлімгері Ануархан Саулемгүл қазылар алқасы мен көрермендер ілтипатына бөленді.

Байқау жеңімпаздары: 3 орын– Үштерек орта мектебінің тәлімгері Амерханова Баян Жамбуловна, 2 орын - Ю.Гагарин атындағы орта мектеп тәлімгері Халық  Амангүл. Байқау жеңімпазы болып, жалғыз ер адам Айнакөл орта мектебінің тәлімгері - Адамбаев Арман Талғатұлы атанды.

Әр қатысушы өзінің бар дарындылығын, шығармашылығын, оқиғадан шыға білу қабілеттерін көрсете білді. Барлық қатысушылар грамоталар мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

04-02-2019