«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті

Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары адамгершілік, жауапты, ынталы және әлеуметтік - құзыретті азамат пен патриот қалыптастыру және дамыту мақсатында 2019 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар қаласында Қатаев атындағы Оқушылар сарайының базасында ерікті мектеп клубтарының арасында «Адал ұрпақ» облыстық слеті өткізілді.

Бұл слетке Павлодар облысының 20 ерікті мектеп клубы қатысты, олардың ішінде Ақсу өңірінен Үштерек және Жамбыл ОМ қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша Жамбыл орта мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 1-орынға ие болды.

07-10-2019