• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Білімді жас - ел ертеңі

2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 56 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. 

Облыстық пән олимпиадасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 739 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша  облыстық олимпиадасында 10 оқушы ІІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде:

І орынды иеленген – 2 оқушы (М. Кабылбеков атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құрман Ансарым, №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мошхалов Жангали (мұғалімі Алиева Бахыт Абилкаировна),

ІІ орын – 4 оқушы (№2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Оспан Толқын (мұғалімі Рахметова Айгуль Алжахановна), 11 сынып оқушысы Жазина Айым (мұғалімі  Жайыкбаева Марал Канатбековна), Мектеп-лицейдің 11 сынып  оқушысы Рабаев Минкаил (мұғалімі Токсанова  Асемгуль Сериковна), Уштерек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Болатов Мирхат (мұғалімі Хуан Арғынбай ) 

ІІІ орын – 4 оқушы (№2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Каримова Раушан (мұғалімі Карагатеев Даурен Амиргалиевич) Мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Смахтина Софья (мұғалімі Мырзабекова Динара Сагиденовна), №1 орта мектебінің оқушысы Бабыкова Айдана (мұғалімі Поштак Любовь Андреевна), Үштерек орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жеткенбай Кулянда (мұғалімі Амирханова Галия Ногайшиновна).

М. Кабылбеков атындағы орта мектебінің оқушысы Құрман Ансарым Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің білім грантына ие болды, мұғалімі Болтаев Адлет Асылбекович.

Жүлдегерлерді шын жұректен құттықтаймыз!

10-01-2018