«Жүректен жүрекке»

Қыркүйек айында мектебімізде «Жүректен жүрекке» жобасы іске қосылды. Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлескен қарым-қатынасы үшін жағдай жасауды қарастыруды басты мақсат деп белгіледі. «Жүректен жүрекке»  жобасының басты міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтар мен мүмкіндіктері  қарапайым балалардың құқықтары мен мүмкіндіктеріннен ерекшеленбеуі тиіс. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды одан әрі әлеуметтендіру үшін «Жүректен жүрекке» мектеп жобасын жасау және іске асыру қажет. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды неғұрлым белсенді әрекеттерге, сыртқы әлеммен үнемі байланыста болуға жағдай жасау, құрдастарымен еркін және тығыз байланыста болу, жеке тұлға ретінде қоғамда өз орнын табуға жол ашу.   10 қазанда «Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін» мерекелеу аясында Қ.Шүлембаев атындағы орта мектебінің жасұландықтары   Ақсу қаласындағы «Балауса» оңалту орталығында болды. Біреуге қамқорлық жасау адамды бақытты етеді, оған күш беріп, денсаулығы мен өмірін ұзартады. Осындай игі істерден біздің мектебіміз де  бей-жай қалмайды. Оқушыларымыз қайырымдылық акциялары мен концерттерге белсене қатысады.  Балаларға күлкі, қуаныш сыйлау - өмірдегі ең жақсы марапат деп есептейміз.  Жасұландықтар «Балауса» орталығының тәрбиеленушілеріне логопедиялық ойыншықтар сыйлады. Мектеп оқушылары «Жүректен жүрекке» концертін ұсынды, ал концерттен кейін олар бір сағат бойы қарым-қатынас жасап, ойнап, ән айтып, тіпті билеуге де мүмкіндік алды. Біздің таныстығымыз енді ғана басталып келеді, алдағы уақытта біз ай сайын кездесеміз деп жоспарлап отырмыз.

21-10-2019